Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақкөл қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК заңды мекенжайы Ақкөл қаласы , Бигелдинов көшесі, 10.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: Ақкөл қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 2021 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылы 28 қызмет көрсетілді; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-0 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-28.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет: "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау"
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат @ddt_akkol интернет ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат. Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Ұйым нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеді.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар). Ай сайынғы негізде халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері. Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру. 2022 жылы Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Басшы Ч. Темиржанов