«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Ақкөл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества города Акколь при отделе  образования по Аккольскому  району управления образования Акмолинской области»  

https://instagram.com/ddt_akkol?igshid=1j8ub1kblb0z3

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің Наурыз мейрамы!"

04.04.2019

Наурыз - жыл басы! Ескінің жаңарып, барлық тіршілік атаулы оянып, жер бауыры жібитін сәт! Сондай-ақ бұл мереке күні қаламыздың «Балалар шығармашылық үйі» де қалыс қалған жоқ. Мекемемізде өте жақсы дәрежеде Наурыз мерекесін атап өттік.Театр студиясының тәрбиеленуші балалары көрерменге «Қош келдің әз Наурыз» атты театрландырылған көріністі ұсынып,көрерменді­­­ ән,би тағы да басқа  өнерлерімен сусындатты десек артық болмас.Ұмытып қалып бара жатқан, «Селт еткізер», «Ұйқы ашар» рәсімдері жасалды. Көрерменнің қатысуымен Ұлттық ойындар ойнатылды. Арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, теңге алу сияқты ойындар балаларды да, кешті қызықтауға келген ата аналар, қонақтарды да бей жай қалдырмады. Олардың ерекше көңілмен, құлшыныспен ойнағандарын көргенде ­- рухың оянып, жігерленіп, Қазақстанда туғаныңа қуанасың! Көрермен әжеміз, қонақтарымыз баталарын беріп, БШҮ-не сәттілік тіледі. Қорыта келгенде,осындай тәрбиелік мәні зор, ұрпаққа берері мол, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сақтап қалар ұлттық шаралар тек Наурызда ғана емес,басқа уақытта да өтіп тұрса деген тілек, ниет айтқым келеді!                                                                                                                                             

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст