10-11 қазанда Балалар шығармашылық
үйінің мұғалімі Казаченко А. В. («Турист» үйірмесінің жетекшісі) «Рухани
Жаңғыру» бағдарлама аясында «Ветер Азии» атты туристтік экспедицияны өткізді.
Табиғатты сақтау, экологиялық шараларды
өткізу, спорттық туризмді тарату мақсатымен бір топ баламен мұғалім Моншақты массивіне
аттанды. Екі күн бойы жаяу жүріп қойылған мақсаттарына толық жетті. Бірінші күні экологиялық шаралар
өткізу үшін бірнеше рет аялдамалар жасауға тура келді: маршрутты таңбалау,
бұлақтарды тазарту, туристтік соқпақтарды дауыл құлатқан ағаш-бұтақтардан
тазарту. Маршруттарды картаға белгілеу. Кешке лагерь құрастырып, түнеу
ұйымдастырылды. Екінші күні экспедиция мүшелері жоспар бойынша жұмыстар
атқарып, үйге оралды.
Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті
арттыру үшін осындай шаралардың маңызы зор, деп ойлаймын. Сондықтан біздің балалрымызға және ұстаздарымызға жаңа
биіктерді бағындыруға зор денсаулық пен сәттілік тілеймін.