Ал, біз бастаймыз!
«Күлдіре білу — өнер, күле білу — өмір,
күлкі болу — өлім»
Сейіт Кенжеахметұлы
2017 жылдың 18 қыркүйекте біздің Балалар
шығармашылық үйінің тәрбиеленушілеріне сәтті күнінің бірі болды. Бұл күні Ақкөл
аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
бликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласы аясында «Мен жастарға сенемін» атты Ақкөл ауданының көңілділер мен
тапқырлар конкурсы өтті.
Үлкен шығармашылық сайыстың төрт
кезеңінде де: «Таныстыру», «Үй тапсырмасы», «Туған жер», «Шығармашылық үй
тапсырмасы» «Ақкөл Arlans» тобы
көрермендердің көңілінен шықты. Негізгі
бағалау өлшемдерімен қатар сөздің
мергендігі, өткірлігі, актерлік шеберлері, жанкүйерлердің белсенділігі
әділқазылардың назарынан өткен жоқ.
Ойын қорытындысы бойынша Балалар
шығармашылық үйінің «Ақкөл Arlans» командасы бірінші
орынға ие болды. Бірінші, екінші, үшінші орындырға ие болған командалар
дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаталды.
"Күл! Күлсең, әлем сенімен бірге
күлетін болады. Ал жыласаң, сенімен бірге ешкім де жыламайды" депті Элла
Уилер Уилкокс. Әзіл, күлкісіз өміріміздің мәні болмаушы еді. Барлық
қатысушыларға көп алғысымды білдіремін. Үнемі жылы жымиып, көңілді жүруге
тырысайық...