«Орман соқпағы – 2026»

15.11.2026 🏕️ «Орман соқпағы – 2026» аудандық спорттық туризм жарысы 2026 жылғы 4 қарашада Ақкөл ауданының аумағында Ақкөл қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Орман соқпағы – 2026» аудандық спорттық туризм жарысы өтті. Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық туризмді насихаттау және дамыту, дене дайындығының деңгейін арттыру, туристік дағдыларды жетілдіру, командалық рухты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа Ақкөл ауданының 10-17 жас аралығындағы жас спортшылары қатысты. Қатысушылар өздерінің ептілігін, төзімділігін, батылдығын және туристік дағдыларын көрсетті. Жарыс бағдарламасына жарыс жолын жабдықтау және түрлі техникалық кезеңдерден тұратын туристік кедергілер жолағынан өту кірді. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 🏆 Ересек жас тобы: 🥇 I орын — Муратова Дильназ 🥈 II орын — Киреева Дарина 🥉 III орын — Зорина Анна 🏆 Орта жас тобы: 🥇 I орын — Евмененко Руслан 🥈 II орын — Шугубаев Тимур 🥉 III орын — Шумилин Виталий 🏆 Кіші жас тобы: 🥇 I орын — Морозова Варвара 🥈 II орын — Горленко Дарья 🥉 III орын — Орозова Даяна Жарыс спорттық жігер, салауатты бәсекелестік және өзара қолдау атмосферасында өтті. Әрбір қатысушы өз қабілеттерін көрсетуге, күш-жігерін сынауға және туристік кедергілерді еңсеруде құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. 👏 Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға, педагогтер Казаченко А. В. (БЖШО) және Садырбаев Т. С. (№ 2 жалпы білім беретін мектеп) жарысқа белсенді қатысқандары, оқушыларды дайындағандары және Ақкөл ауданында балалар мен жасөспірімдердің спорттық туризмін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз! Жас туристерге жаңа жетістіктер, өз күштеріне деген сенімділік, жарқын әсерлер және алдағы уақытта толағай спорттық жеңістер тілейміз!
Просмотров: 442


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу