Текст
17.11.2025
Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта — теңге күнін мерекелеу аясында өлкетану студиясында танымдық сабақ өткізілді . Сабақтың мақсаты балаларды теңгенің пайда болу тарихымен, оның ел үшін маңыздылығымен таныстыру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздер мен қаржы мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыру болды.
Сабақ танымдық, қызықты және серпінді өтті. Балалар ұлттық валюта, Қазақстан тарихы және қаржылық сауаттылық негіздері туралы білімдерін кеңейтті. Ұсынылған материалдар мен интерактивті тапсырмалар ақпаратты қол жетімді және қызықты етуге көмектесті.
Қосымша білім беру педагогы: Казаченко Елена Александровна